07 қыркүйек 2014 14:47

АҚШ Иракта террористік "Ислам мемлекеті" ұйымына әуеден оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo © AP Photo

"Иракта арты үлкен апатқа әкеп соқтыруы мүмкін әуе шабуылы орын алды" деп жазады РИА Новости.


"Иракта арты үлкен апатқа әкеп соқтыруы мүмкін әуе шабуылы орын алды" деп жазады РИА Новости.

Нақтырақ айтсақ, АҚШ-тың әуе күштері террористік радикалды "Ислам мемлекетін" талқандамақ оймен Ирактың солтүстігіндегі стратегиялық нысан төңірегіне тағы оқ жаудырыпты. 

Бұл операция Бағдадтың солтүстік-батысына қарай 240 километр қашықтықта жатқан Хадит қаласының дамба маңайында жүзеге асты.

Жоғарыда айтқанымыздай, Анбар провинциясындағы бұл дамба – стратегиялық нысан. Ол жарылса, үлкен бір аймақты су алып кету қаупі бар.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ "Ислам мемлекетіне" қарсы күресін 2014 жылдың тамыз айынан бастаған. Мақсаттары – Ирактағы АҚШ елшілігін қорғау және құрамы жағынан аз саналатын этникалық топтың қауіпсіздігі.

Сүнниттік террористік "Ислам мемлекетінің" "Аль-Каидпен" байланысы бар. Бұл ұйым Сириядағы қарулы қақтығыста азулы атанған болатын.

Олар онда үкіметке қарсы соғысып, өздерінің қатыгездіктерімен көзге түскен. Енді бірнеше ай бұрын бұлар Иракта белсенділік таныта бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети