01 қаңтар 2019 11:01

АҚШ Қарулы күштері бомба тастаймыз деп әзілдегені үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ қарулы күштерінің стратегиялық қолбасшылығы әлеуметтік желілерде Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңындағы дәстүрлі шардан да үлкен "әлденені" құлататуға уәде беріп, әзілдегені үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости

Жаңа жыл қарсаңында Таймс-сквер алаңында дәстүрлі түрде мерекелік шар түсіріледі. Әскерилер Twitter желісінде хабарлама қалдырып, онда "қажет болса, одан да үлкен әлденені құлатуға" уәде берген. Хабарламаға бомба тастап жатқан В-2 бомбалаушы ұшақтары түсірілген видео қосарланған.

Бұл әзілге әлеуметтік желі қолданушылары сынмен қарады. Кейін хабарлама микроблогтар сервисінен өшірілді. 

"Жарияланған жаңажылдық твит-әзіл талғамсыз әрі біздің құндылықтарға қайшы болды. Кешірім сұраймыз. Америка мен одақтастарымыздың қауіпсіздігі біз үшін маңызды", - деп хабарлады әскерилер жаңа микроблогында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети