03 қазан 2015 | 10:03

АҚШ колледжінде бір студент ондаған адамды атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Орегон штатында 26 жастағы Кристофер Шон Харпер-Мерсер колледж студенттерін атып тастады, ол өзі де сол оқу орнында білім алған, - деп хабарлайды РИА Новости шериф Джон Ханлинге сілтеме жасап.


Орегон штатында 26 жастағы Кристофер Шон Харпер-Мерсер колледж студенттерін атып тастады, ол өзі де сол оқу орнында білім алған, - деп хабарлайды РИА Новости шериф Джон Ханлинге сілтеме жасап.

Полицейдің айтуынша, студенттерге оқ жаудырған жігіт Ампква колледжінде оқыған. Соңғы мәліметтер бойынша, Харпер-Мерсер Розберг қаласындағы колледждің екі ғимаратында оқ жаудырған, салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы тоғызы жараланды.

Қаза болғандардың үшеуі - 18 жаста. Құрбан болғандардың арасында 67 жастағы оқытушы бар. Оқ атқан жігіттің өзі полицейлермен атысқан кезде көз жұмды. Қайғылы оқиғадан аман қалған куәгерлердің айтуынша, Мерсер оқ жаудырардың алдында адамдардың қай дінді ұстанатындарын сұрап алып, христиандардың басына атқан. 

Оқу орны жұмысын келесі аптада жалғастырады деп күтіліп отыр. Оқиғаға байланысты АҚШ президенті Барак Обама Ақ үй мен барлық мемлекеттік мекемелердегі туды төрт күнге төмен түсіруге бұйрық берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети