07 маусым 2014 10:02

АҚШ Нигерияда лаңкестікпен күресетін телеарна құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dailypost.ng Фото: dailypost.ng

 АҚШ Нигерияның солтүстігінде "Боко Харам" діни сектасына және басқа сыртқы қарулы топтарына төтеп беруге шақыратын, осыған орай 24 сағат бойы спутниктік хабар тарататын телеарнаның жарыққа шығуын қолдайды және оны қаржыландырады деп хабарлайды РИА Новости.


 АҚШ Нигерияның солтүстігінде "Боко Харам" діни сектасына және басқа сыртқы қарулы топтарына төтеп беруге шақыратын, осыған орай 24 сағат бойы спутниктік хабар тарататын телеарнаның жарыққа шығуын қолдайды және оны қаржыландырады деп хабарлайды РИА Новости.


Аталмыш телеарна Нигерия аймағында құрылады. Оның жұмыс істеуі үшін шамамен 6 млн доллар қаржы қажет.

Жобаны Equal Access International ұйымы басқарады. Бұл ұйым қазірде Йеменде және Пакістанда исламдық экстремизимге қарсы медиабағдарламаларды жүргізіп отыр.


Алайда қайсыбір сарапшылар Нигерияда аталмыш жобаның өзін-өзі ақтамайтынын да алға тартуда. Себебі сарапшылардың айутынша, Нигериядағы елдің сауатсыздығы, аймақтың инфрақұрылымының төмендігі бұл телеарнаның ойдағыдай жұмыс істеп кетуіне мүмкіндік бермейді.


Еске салайық, Нигерияның солтүстігінде "Боко Харам" исламшыл тобы белсенді әрекет етуде.  "Боко харам" экстремистері бірнеше жылдан бері Нигерия үкіметімен соғысып келеді. Олар тек әскери нысандар мен полицейлердің ғимараттарын ғана шабуылдамай, бейбіт тұрғындардың да мазасын алады.

Өткен айларда "Боко харам" лаңкестері 270 оқушыны тұтқынға алған болатын. Осыған орай АҚШ Нигерияның оңтүстігіндегі штаты Лагоспен көмек ретінде бірігіп әрекет етуді жөн көріп отыр.
 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети