14 мамыр 2016 10:27

АҚШ офицері әйел адамды атқан сәтін камераға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Greensboro Police Department © Greensboro Police Department

Солтүстік Каролина полицейі АҚШ-тың Гринсборо қаласында 2014 жылдың 25 мамырында болған атышулы оқиғаның видеосын жариялады, - деп жазады New York Daily News.


Солтүстік Каролина полицейі АҚШ-тың Гринсборо қаласында 2014 жылдың 25 мамырында болған атышулы оқиғаның видеосын жариялады, - деп жазады New York Daily News.

Ол кезде полиция офицері Тим Блох өзіне пышақпен шабуылдамақшы болған 46 жастағы әйелді атып тастаған еді. Қоғамға полицейдің кінәсіз екенін дәлелдеу мақсатында штат полициясы оқиғаның видеосын жариялады. Видео полицейдің бас киіміндегі камераға жазылып қалған екен. 


Chieu Vo және офицер Тим Блох. © Greensboro Police Department 

Кадрдан офицердің "қаруыңды таста" деп айғайлағаны естіледі, кейін әйелді бірнеше рет атып тастайды. Әйел бірден жерге құлады, екі күннен кейін ауруханада қайтыс болды. Вьетнамдық әйелдің отбасы полицейдің өзіне берілген құқықты асыра пайдаланғанын айтып отыр. Олардың айтуынша, әйел ағылшынша түсінбеген. 

Ескерту! Видеода зорлық белгілері бар! 

 

Болған жағдайға қарамастан офицер ақталып шықты. Полиция басшысы Уэйн Скоттың айтуынша, сержант өміріне қауіп төнгендіктен осындай қадамға барды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети