05 желтоқсан 2014 11:10

АҚШ полицейі қаранәсілді азаматты қателесіп өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың Аризона штатында ақнәсілді полицей қателесіп 34 жастағы афроамерикалықты атып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың Аризона штатында ақнәсілді полицей қателесіп 34 жастағы афроамерикалықты атып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметтері бойынша ер адам қалтасына қолын сала бергенде офицер оның кеудесіне екі жерден оқ атқан. АҚШ полицейі еркектің қалтасында қару бар деп ойлаған, бірақ онда дәрілер ғана болыпты. Оқ атуға дүкен жанында есірткі сатумен айналысқан ер адам мен полицей арасындағы тартыс себеп болған, тәртіп сақшысы оны күдіктіге ұқсатқан.  

Айта кетейік, АҚШ-тың көптеген штаттарында басы ереуілмен басталып, аяғы тәртіпсіздікке ұласатын наразылық шаралары соңғы екі аптада көбейіп кеткті. АҚШ-тағы алқабилер Фергюсонда (Миссури штаты) тамыз айында афроамерикалық жасөспірім Майкл Браунды өлтірген ақнәсілді США полицейі Даррен Уилсонды кінәсіз деп тапты. Осы аптада Нью-Йорк алқабилері де осыған ұқсас шешім шығарып, қаранәсілді Эрик Гарнерді темекі саудасымен айналысты деген күдікпен қолға түсіру кезінде қылғындырып өлтірген АҚШ полицейі Дэниэл Панталеоны жауапқа тартпайтын болды. Бұл шешім де Нью-Йорктегі ауқымды ереуілдердің пайда болуына әкеп соқты.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети