25 маусым 2017 09:55

АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Jonathan Ernst © REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"АҚШ мұсылмандары әлемдегі барлық мұсылмандарын қасиетті Рамазан айында дін істері және қайырымдылық шарасы бойынша қолдау білдіреді. Ид аль-Фитр (Ораза айт) мерекесін отбасымен тойлап, олар көршілеріне және әртүрлі жағдайда өмір сүріп жүрген адамдарға нан үзіп беру көмек салтын ұстанып келеді. Бұл мереке бізге кешірімділікті, аяушылықты және еркін ерікке бастаудың маңыздылығын ескертеді. Әлемнің барлық мұсылмандарымен бірге АҚШ осы осы құндылықтарды ұстануды қолдайды", - делінген Ақ ұй жариялаған Трамптың құттықтауында.

Ораза айт - ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн. Айт күндері әр үйде дастарқан жайылып, таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттыктайды, "айттық" сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді.

"Айт мүбәрәк болсын, айт мереке болсын! Айт құтты болсын! Айттын, жақсылығы бірге болсын!" деген жақсы тілектер айтылады. Айт күндері үлкен кіші сәнді киінеді, жеңіл-желпі ойын сауыққа тыйым салынбайды, бірақ дарақылыққа жол берілмейді. Ораза айт, Құрбан айт мейрамы қазақтар арасында ежелден ұлы мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірбандық, қайырымдылық, ынтымақтастықтың көрінісіне айналды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети