09 қазан 2017 09:55

АҚШ-та 2048 жылдан келдім деген "уақыт саяхатшысы" тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 6abc.com © 6abc.com

Американың Вайоминг штатындағы Каспер қаласының тәртіп сақшылары болашақтан келгенін айтып, жақын арада бөгдеғаламшарлықтар шабуыл жасайды деген жігітті ұстады, - деп хабарлайды ABC арнасы.


Американың Вайоминг штатындағы Каспер қаласының тәртіп сақшылары болашақтан келгенін айтып, жақын арада бөгдеғаламшарлықтар шабуыл жасайды деген жігітті ұстады, - деп хабарлайды ABC арнасы.

27 жастағы Брайант Джонсон полицияға қоңырау шалып, маңызды мәліметтер білетінін және міндетті түрде президентпен тілдесуі керектігін хабарлаған. Ал келіп жеткен полицейлерге өзін 2048 жылдан келген "уақыт саяхатшысы" екенін айтқан. 

Ер адамның айтуынша, бөгдеғаламшарлықтар Жерге 2018 жылы келеді, сондықтан қала тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру керек. Ол тіпті болашақтан қалай келе алғанын сипаттаған: бөгдеғаламшарлықтар оны ішімдікке тойдырып, үлкен алаңға шығарады да, ол сол жерден телепортация жасаған-мыс. 


© Casper Police Department

Полицейлер ер адамның сөзіне сенбеген және одан ішімдік иісі аңқып тұрғандықтан ауруханаға жеткізуді ұйғарған. Дегенмен ер адам бұған қарсылық көрсеткен. 

Сараптама қорытындысы ер адамның қанында 0,13 пайыз алкогольдің барын көрсеткен. Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тұтқындалып, абақтыға қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети