23 наурыз 2017 10:46

АҚШ-та атыс кезінде полицей мен бейбіт тұрғындар мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Runews24 © Runews24

АҚШ-тың Висконсин штатында болған атыс салдарынан төрт адам мерт болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


АҚШ-тың Висконсин штатында болған атыс салдарынан төрт адам мерт болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиғалар 22 наурызда штат орталығы Маратон округінде болған. Алдымен полицияға Ротсчайлд ауылындағы банк маңында атыс болып жатқаны туралы хабарлама түскен. 10 минуттан кейін көршілес Шофилд ауылында адвокаттық бюро маңында атыс болып жатқанын хабарлайды. Ал тағы бірнеше минут өте тұрғындар үш шақырым жерде бірнеше рет оқ атылғанын естіген. 

Полицейлер атыстардың бір-бірімен байланысты екенін және бір адамның ұсталғанын хабарлады. Оның кім екені және не себепті атыс болғаны айтылмай отыр. 

Оқиға салдарынан бір полицей және үш бейбіт тұрғын көз жұмған. 

Оқиға болған ауданнан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген. Ал мектептерде бірнеше сағат бойы қатаң оқшаулану тәртібі енгізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети