05 қазан 2015 10:30

АҚШ-та бесінші сынып оқушысы күшік үшін көршісін атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/ LM Otero © AP Photo/ LM Otero

АҚШ-та бесінші сынып оқушысы күшік үшін көршісін атып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


АҚШ-та бесінші сынып оқушысы күшік үшін көршісін атып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

WBIR телеарнасының мәліметінше, Америка мектептерінің бірінің оқушысы ит үшін болған жанжалдан кейін өзінің сегіз жастағы көршісін әкесінің мылтығымен атып тастаған. 

"Уайт Пайн округінің тұрғындары оқтың атылғанын естіп, полиция шақыртты. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының мамандары жерде жатқан қызды көрді, оның кеуде тұсына оқ тиіпті. Қыз ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты", - делінген жарияланымда.

Полиция шерифі Бад МакКуагтың (Bud McCoig) айтуынша, он бір жастағы ұл бала 12 калибрлі мылтықтан оқ атып, қызды өлтірген. Ол балаға қатысты ештеңе айтқан жоқ, алайда көршілері екі баланың күшікке бола сөзге келіп қалғандарын айтты.

Сот оқушыны кінәлі деп тапты, қазір ол қамауда отыр. Оның психикалық ауруларға шалдыққан немесе шалдықпағаны анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети