10 сәуір 2017 21:29

АҚШ-та жолаушыны ұшақ бортынан сүйреп шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ABC7 Chicago © ABC7 Chicago

United Airlines әуе компаниясының жолаушысына күш қолданылып, ұшақтан сүйреп шығарды. Осы оқиғаның видеосын Twitter желісінде Tyler Bridges есімді қолданушы жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


United Airlines әуе компаниясының жолаушысына күш қолданылып, ұшақтан сүйреп шығарды. Осы оқиғаның видеосын Twitter желісінде Tyler Bridges есімді қолданушы жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

The Courier-Journal газетінің мәліметінше, оқиға жексенбіде, 9 сәуірде Чикагоның О’Хара халықаралық әуежайында болған. Жолаушылар бортқа көтерілгенде, оларға ұшақтың толып кеткені ескертіліп, United Airlines компаниясының төрт қызметкеріне орын босатуды сұраған. 

Саяхатшыларға орын босатқан жағдайда 800 доллар үстемақы берілетіні хабарланған, алайда ешкім орнын бермеген. Сол кезде әуе компанияның қызметкері төрт адамды таңдап алып, орындарын босатуды сұраған. Жолаушылардың бірі қарсылық білдірген, сол кезде үш күзетші келіп оның қолынан ұстап сүйреп шығарған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам дәрігер болып қызмет еткен, ол Луисвил қаласына жұмысқа кетіп бара жатқан. Онымен бірге ұшып бара жатқан адамдар осы оқиғаға таңғалыс білдіріп, наразы болған. Кентуккиге ұшатын ұшақ екі сағатқа кешіккен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети