29 қараша 2014 12:21

АҚШ-та "қаралы жұма" шарасы кезінде Чикаго қаласының тұрғыны өзін-өзі атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©Chicago Tribune Фото©Chicago Tribune

 АҚШ-та "қаралы жұма" шарасы кезінде Чикаго қаласының тұрғыны сауда-ойын сауық орталығында жұмыс істейтін өзінің танысын атып, артынша өзін-өзі өлтірді,- деп хабарлайды Chicago Tribune.
Оқиға 28 қараша күні түнде болған. Бұл елде жылына бір мәрте ірі сауда орындарының үлкен-үлкен жеңілдіктер жасайтын "қаралы жұма" шарасымен тұспа-тұс келген.

Ресми деректер бойынша оқиға орнында бір адамның өлі денесі табылған, енді бір адам ауруханаға жеткізілген. Қазір полиция аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сауда орнында косметика бөлімінің маңында шиеленіскен. Ер адам бірінші әйелді қарумен атып, одан кейін өзін-өзі атқан. Қазір сауда-ойын сауық орталығы қызметкерінің жағдайы ауыр. Қайсыбір деректер оның сауда орталығында уақытша жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Куәгерлердің айтуынша, сауда-ойын-сауық орталығының тұтынушылары атылған оқ дауысын естіп тезірек қашып кетуге тырысқан.

CNN, хабарлап отырғандай,  биыл АҚШ-тағы "қаралы жұма" шарасы ірі көлемді қару-жарақ сатумен ерекшеленген. АҚШ федеральды қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қаруды сатуға қатысты 144 мыңға жуық өтініш берілгенімен, олардың жеке басына қатысты деректерді тексеру қиындық туығызып отыр.  Деректерді тексеру үшін қауіпсіздік қызметінің 600 агенті мен тағы басқа қызметкерлерге күніне 17 сағат жұмыс істеу қажет. Салыстырмалы түрде айтсақ,  2013 жылы мұндай өтініштің саны 144758 болған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети