31 тамыз 2019 14:28

АҚШ-та оқушылар атысты: 10 адам жарақаттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© commons.wikimedia.org/Schwars1 © commons.wikimedia.org/Schwars1

АҚШ-тың Алабама штатындағы Мобил қаласының стадионында атыс салдарынан кемінде 10 жасөспірім жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың Алабама штатындағы Мобил қаласының стадионында атыс салдарынан кемінде 10 жасөспірім жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Fox News телеарнасының мәліметінше, жұма күні кешкі уақытта "ЛеФлор" және "Вилльямсон" оқушылар командаларының арасында өткен ойыннан соң, атыс болған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, трибунада төбелес шығып, артынша атыс болған.

15-18 жас аралығындағы 10 жасөспірім жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Қалалық полиция басшысы Лоренс Баттисте зардап шеккендердің көбісі - "ЛеФлор" ойыншылары мен команда жанкүйерлері екенін айтады. Соңғы мәлімет бойынша, бес адам ауыр халде жатыр.

Полиция екі адам ұстады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети