АҚШ-та 16 жастағы оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекетт жасаған мұғалім ұсталды. Ер адам қызға мобильді қосымша арқылы жалаңаш суреттерін жіберуді сұрады деп айыпталған. Бұл туралы orlandosentinel.com сайты хабарлайды.

Мұғалімімен хат жазысқан оқушы оны бопсалап, 2 мың доллар бермесе "барлығын жайып саламын" деп қорқытқан. Алайда қыз мұғалімінен айласын асырған.
31 жастағы Эндрю Монтальво lon Middle School (Флорида штаты) мектебінде 7 сыныпқа сабақ береді екен. Монтальво Snapchat қосымшасы арқылы жалаңаш суреттерін жіберуді сұраған. Басында қыз шомылуға арналған киіммен түскен суреттерін жіберген. Осыдан кейін, мұғалімі тағы да ашық суреттерін жіберуді сұраған. Оқушы қыз ұстазының бұл сұранысын да қанағаттандырған.
Осыдан кейін, мұғалімімен хат жазысқан оқушы оны бопсалап, 2 мың доллар бермесе барлығын жайып саламын деп қорқытқан. Монтальво қажетті соманы жинап, қызға жіберген. Алайда қыз мұғалімін алдап соққан. Полиция барлығын да біліп қойған.
Ұсталғанға дейін, Монтальво 5 жыл мектепте жұмыс істеген. Тергеу барысында мұғалім өзінің ағаттық жібергенін, ол хаттарды жазғанда ауырып жатқанын айтқан.