29 мамыр 2017 09:28

АҚШ-та отбасылық жанжалдан 8 адам өлім құшты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Миссисипи штатында 28 мамырға қараған түні белгісіз біреу 8 адамды атып өлтірді, олардың ішінде жергілікті шерифтің орынбасары бар, - деп хабарлайды The Clarion Ledger басылымы.


Американың Миссисипи штатында 28 мамырға қараған түні белгісіз біреу 8 адамды атып өлтірді, олардың ішінде жергілікті шерифтің орынбасары бар, - деп хабарлайды The Clarion Ledger басылымы.

Атыс 3 қалада -  Бог-Читто, Брукхейвен және Линкольн округінде болған. Жергілікті БАҚ-тар күдікті Кори Годболттың 28 мамырда таңғы уақытта ұсталғанын және оның қазіргі уақытта қамауда екенін айтты.

Басылымның мәліметінше, ұсталған ер адам бұл қылмысқа әйелі мен балаларын жақсы көргендіктен барған. Ер адам полицияны шақырмастан бұрын туыстарымен балаларды өз үйіне алып кету жайында сөзге келіп қалғанын айтқан. "Біреу офицерді шақырды... Міне, олар осылай істейді, барлығына араласады", - деді күдікті. Сондай-ақ, ол осы ісіне өкінетінін айтты.

Ал Миссисипи губернаторы Фил Брайант бұл жағдайды "мәнсіз қайғылы оқиға" деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети