23 қараша 2014 10:37

АҚШ-та полицей 12 жастағы жасөспірімге оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

АҚШ-тың Кливленд қаласындағы демалыс және ойын-сауық орталығында полицей пневматика тапаншасын тастаудан бас тартқан жасөспірімге оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тың Кливленд қаласындағы демалыс және ойын-сауық орталығында полицей пневматика тапаншасын тастаудан бас тартқан жасөспірімге оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқ 12 жастағы баланың ішіне тиген, ол ауыр халде медициналық орталыққа жеткізілді. Кливленд қалалық порталының хабарлауынша, полицияға қарулы бала туралы хабар берген адам тәртіп сақшыларына тапаншаның "нағыз қару болмауы мүмкін" екенін екі рет айтқан. Полицей баладан қаруды тастауды сұраған кезде, ол ескертуге құлақ аспады. Сол кезде офицер оны атып салды.

"Әрбір тапаншаның нағыз қару екенін естен шығармау керек. Егер біз бұлай жасамасақ, үйге оралмай қалатын күн туады", - дейді Кливленд патруль қызметкерлері қауымдастығының президенті Джефф Фоллмер. Еске сала кетейік, АҚШ-та полицейлердің жасөспірімге оқ атуы бірінші рет болып отырған жоқ. Мұның алдында 18 жастағы Майкл Браунның өлімі жұртшылықтың наразылығын туғызған еді. Тамыз айында Миссури штатының Сент-Луис Фергюсон қаласының іргесінде қаранәсілді жасөспірім полицияның талабына бағынбай, олармен төбелеседі, сол кезде тәртіп сақшылары оны атып өлтірді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети