13 мамыр 2015 09:57

АҚШ-та пойыз аударылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter.com/Patrick J. Murphy Twitter.com/Patrick J. Murphy

АҚШ-та пойыз жолдан шығып кетіп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Он вагонның сегізі аударылған. Авария Филадельфияға жақын жерде болды.


АҚШ-та пойыз жолдан шығып кетіп кетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Он вагонның сегізі аударылған. Авария Филадельфияға жақын жерде болды.

Пойыздың Вашингтоннан Нью-Йоркке бағыт алғаны белгілі болды. Авария кезінде пойызда 240 адам болған. Пойыз бірінші вагон бұрылған кезде аударылды. Жолаушылардың ішінде бұрынғы сенатор Патрик Мерфи бар.

CNN телеарнасының хабарлауынша, пойызда болған жолаушылар мен жәбірленгендер туралы нақты ақпарат жоқ. Көп жолаушының жарақат алғаны белгілі болды. Он адам ауруханаға жеткізілген. Жарақаттанғандар Филадельфия ауруханасына жеткізіліп жатыр.

Транспорттағы қауіпсіздік ұлттық  басқармасының бұрынғы менеджері Питер Гольцтің айтуынша, авария өте қатты болған. Ол билік болған жағдайға "криминалдық жағынан" қарау керектігін айтты. "Мен апаттың мән-жайы толық анықталады деп сенемін", - деді ол. Қазір апат болған жерде ФТБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети