08 наурыз 2017 12:47

АҚШ-та пойыз бен автобус соғысты, қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АР © АР

АҚШ-тың Миссисипи штатында пойыз бен автобус соғысып, төрт адам қаза тапты. Оннан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды BBC News.


АҚШ-тың Миссисипи штатында пойыз бен автобус соғысып, төрт адам қаза тапты. Оннан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды BBC News.

Басылым мәліметінше, тауар таситын пойыз автобусты соғып, 100 метр бойы темір жолдың бойымен сүйреген. Соғысқан кезде пойыздың жылдамдығы қатты болмаған, әйтпегенде қаза болғандар саны едәуір көп болушы еді. 

Жергілікті полиция өкілдері брифинг кезінде, Техастан шыққан автобустың белгісіз себептермен темір жолда тұрып қалғанын мәлімдеді. Автобустың ішінде 50 жолаушы болған - көбісі қарт адамдар. Бір куәгердің айтуынша, жол апаты болған сәтте, салондағы адамдар сыртқа шықпақшы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети