Чикагода полицейлердің зорлық-зомбылығына қарсы наразылық өтті, - деп хабарлайды РИА Новости америкалық Chicago Tribune газетіне сілтеме жасап. Айта кетейік, АҚШ-та полицейлердің афроамерикалықтарды ұстау кезіндегі өлтіру оқиғалары белең алған еді.

Жүздеген адам қала орталығындағы Гранд Паркке шықты. Шеруге шыққандар ұстау кезінде афроамерикалықтарды өлтірген полицейлерді соттап, түрмеге қамауды талап етіп жатыр. Үнқағаздардың бірінде "Полицияның нәсіл террорын тоқтатыңдар" деп жазылған.
© Chicago Tribune
Сенбіде түнге дейін жалғасқан наразылықта бес адамның ұсталғаны хабарланды. Демонстранттар көше бойындағы шеру кезінде көшелерді жауып, отырып алған. Айта кетейік, АҚШ-тың бірнеше қаласында да афроамерикалық тәртіп сақшыларын өлтіруге қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Митингтер Нью-Йорк, Вашингтон және Даллас қалаларында болып жатыр. Мұндай жаппай тәртіпсіздіктер Лиузианада болған оқиғаға байланысты басталған. Онда 5 шілдеде екі ақ нәсілді полицей қара нәсілді ер адамды атып тастаған.
© Chicago Tribune
Еске салайық, Далласта болған тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей қаза тапқан еді. Сонымен қатар, бірнеше құқыққорғаушы зардап шеккен болатын.