16 сәуір 2017 21:44

АҚШ-та шіркеу алдында атыс болып, төрт адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Henry Romero / REUTERS © Henry Romero / REUTERS

Американың Алабама штатында шіркеудің алдында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Вести.ru.


Американың Алабама штатында шіркеудің алдында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды Вести.ru.

Осы кезде ғибадатхананың ішінде Пасха мерекесін тойлауға келген 800 адам болған, ал сыртында тағы 100 шақты адам шіркеуге кіру үшін өз кезектерін күтіп тұрған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, шіркеудің алдында жанжал шығып, соңы атысқа ұласқан. Соның салдарынан үш жасөспірім мен бір сәби зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Олардың денсаулығына қауіп жоқ. Осы оқиғаға қатысы бар бес адам ұсталды. 

Сонымен қатар, РИА Новости агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тың Огайо штатындағы Колумбус қаласында атыс болып, тоғыз адам жарақат алған. Атыс туралы хабар полицияға 03.20-да (Астана уақытымен 13.20) түскен. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген. Екі адамның жағдайы ауыр халде деп бағаланған. 

АҚШ-та атыс оқиғалары жиі болып тұрады. 14 сәуірде Атланта қаласында атыстың салдарынан төрт адам ауруханаға түскен. Белгісіз ер адам темір жол станциясында оқ атқан. Қылмыскерді залалсыздандырып, полиция бөлімшесіне жеткізген. 12 сәуірде Хьюстон қаласында атыстың салдарынан үш бала зардап шеккен. Үйлеріне қайтып бара жатқан балаларға жола кетіп бара жатқан көліктен белгісіз біреу оқ атқан. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети