03 тамыз 2015 10:40

АҚШ-та табиғи өрттің салдарынан 12 мың адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ-тың Калифорния штатындағы ауданы 220 мың шаршы метр болған өрттен билік 12 мың адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды NBC News. Өрт Сакраменто қаласының шығысында орналасқан. Штаттағы өрт Сан Диегодан оңтүстік шекарадағы Орегонға дейін жалғасты.

Басылымның мәліметінше, жедел қызмет өрттің бес пайызын ғана өшіре алған. Өртке қарсы қызмет ондаған ғимарат пен жиырмаға жуық үйдің қирағанын хабарлады. Тағы 6 мың құрылысқа қауіп төніп тұр. Алдын ала болжам бойынша, өрт құрғақ әрі желді ауа райының нәтижесінде шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 2 мың өрт сөндіру көлігі мен 6 мың құтқарушы жұмылдырылды. Өрт сөндіруші бір қызметкер қаза тапты.

Жергілікті билік өрттің АҚШ үшін өте қауіпті екенін хабарлады. Тұрғындардың көпшілігі эвакуациядан бас тартып жатыр. Олар егістікке су құятындарын айтты. Дегенмен өртке қарсы қызметтің өкілдері адамдарды міндетті түрде эвакуациялау керектігін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети