14 тамыз 2018 10:39

АҚШ түрік лирасының әлсіреу себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ-тағы Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі Кевин Хассетт түрік лирасының әлсіреуін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ-тағы Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі Кевин Хассетт түрік лирасының әлсіреуін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мемлекет либералдық демократиямен байланысын жоғалтып алған кезде экономикалық жағдайдың әрі қарай қандай болатынын білмейсің", - деді Кевин Хассетт MSNBC арнасының эфирінде.

"Валютаның 40 пайызға әлсіреуі еліміздегі негізгі экономикалық көрсеткіштің дұрыс емес екенін білдіреді. Қазіргі уақытта АҚШ әкімшілігі түрік лирасының бағамын мұқият бақылап отыр", - деді Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі.

Айта кетейік, соңғы күндері түрік лирасы айтарлықтай әлсіреген болатын. Ең төменгі көрсеткіші 7,24 долларға жеткен еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Түркияның доллардан бас тартуға бел буғаны хабарланған болатын. АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі "адам құқығын өрескел бұзды" деген айыппен Түркияның Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети