15 қаңтар 2020 09:01

АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирак астанасы Бағдаттың солтүстігінде орналасқан америкалық Эт-Таджи әскери базасына сейсенбіде зымыран соққысы жасалды, - деп хабарлайды NEWSru.com.


Ирак астанасы Бағдаттың солтүстігінде орналасқан америкалық Эт-Таджи әскери базасына сейсенбіде зымыран соққысы жасалды, - деп хабарлайды NEWSru.com.

Arab News мәліметінше, атыс "Катюша" типті қондырғылардан реактив снарядтармен жүргізілген. Al Sumaria телеарнасының мәліметінше, атылған сегіз зымыранның барлығы әскери нысанның маңайында жарылған, осылайша аз ғана материалдық шығын келген. 

Соққы салдарынан қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның ресми өкілі полковник Майлз Кэгинс мәлімдеді.

"Коалиция әскерилеріне Эт-Тажи базасына жасалған осы шағын шабуыл салдарынан еш зиян келген жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Әзірше соққыны кім жасағаны белгісіз.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети