28 қаңтар 2015 17:45

АҚШ-тың бірінші ханымы Сауд Арабиясында ислам әдебін ескермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама Сауд Арабиясына Салман корольмен кездесуге барған сапарында ислам этикетін бұзды, - деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасап. Сауд Арабиясының тұрғындарына оның киімі ұнамаса, журналистер оның қол беріп амандасып, дәстүрді бұзғанын байқап қалды.


АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама Сауд Арабиясына Салман корольмен кездесуге барған сапарында ислам этикетін бұзды, - деп хабарлайды РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасап. Сауд Арабиясының тұрғындарына оның киімі ұнамаса, журналистер оның қол беріп амандасып, дәстүрді бұзғанын байқап қалды.

Американың ақпарат құралдары мен Сауд Арабиясының әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәселені қызу талқылап жатыр. Мысалы, Twitter желісін қолданушылар Мишель Обаның корольмен кездесуге бас киімсіз барғанына наразылық білдірді. Обаманың үстіне киген киімі жарасымды болса да, корольдіктегілер Twitter-де #Michelle_Obama_Immodest (араб тілінен аударғанда "Мишель Обама әдепсіз", "Мишель Обама жалаң бас" дегенді білдіреді) хештегтерін қолданып, пікір қалдырды, - деп жазады Politico басылымы.

Басылым Сауд Арабиясында әйелдерге арналған дресс-код бар екенін түсіндіріп өтті. Әйелдер қоғамдық орындарда бастарын жауып, қара киіммен жүрулері тиіс. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары Мишель Обаманың Индонезиядағы мешітке барғанда шашын жауып кіргенін жазып, Эр-Риядта неліктен олай істемегеніне таңғалды. 

ABC News-тің мәліметінше, Барак Обама мен король Салманның кездесуі түсірілген видеороликте Мишель Обаманың бас киімсіз жүрген жерлері анық көрсетілмеген. Мұны байқаған журналистер Saudi TV АҚШ-тың бірінші ханымын әдейі көрсетпеді деп топшылады. Бірақ Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшілігі мұны жоққа шығарды. 

Ал CNN репортерлері Барак Обама мен оның әйелінің Сауд Арабиясына сапары барысында бұзылған өзге де этикетке назар аударды: АҚШ-тың бірінші ханымы мен король қол алысты, ал бұл елде ер адамдарға бөтен әйелдерге жақындауға қатаң тыйым салынған. 

Еске сала кетейік, 2009 жылы Мишель Обама Ұлыбритания ханымын құшақтап алған еді, бұл жайт ағылшын басылымдарында қызу талқыға түскен болатын. 

Айта кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд 91 жасқа таяған шағында қайтыс болған еді. Дәстүр бойынша оның інісі - 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети