20 шілде 2014 15:44

АҚШ-тың Ресейге қарсы кезекті санкциясы Қазақстанға да қиын тиетін сияқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Таяуда АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкциясының салдарын халықаралық сарапшылар ауыр болады десіп жатыр. Өйткені ол алдыңғысындай жекелеген тұлғаларға емес, корпоративтік секторға бағытталып отыр. Нақтырақ айтқанда, жаңа санкция тізіміне ресейлік ірі банктер, энергетикалық алыптар мен қорғаныс компаниялары енгізілген. «Алаш айнасы» басылымы мұндай жағдайда Ресеймен бір экономикалық одақта кіндігі байланған Қазақстанның жайы не болады деп алаңдайды...

Жаңа санкция жарияланғанда Ресей президенті Владимир Путин БРИКС мемлекеттері басшыларымен болған кездесуден оралып, журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан-тын. Осы кездегі жаңа санкцияға қатысты өз ойын білдірген Путин алғаш рет оның Ресей экономикасына ауыр соғатынын мойындап, АҚШ-пен қарым-қатынасты жақсартуға есігі әрдайым ашық екендігін мәлімдеді (Путин бұған дейін санкция Ресей үшін шыбын шаққан құрлы болмайды деген мағынада мәлімдеме жасап келген – авт). Дегенмен Ресей экономикасының қиын жағдайда екенін, экономика ғылымының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов, Путин осы мәлімдемесі алдында БРИКС-те байқатқанын айтады.

– БРИКС – жас ұйым. Қазір ол халықаралық терең мәністегі шешімдерді қабылдауға қауқарлы емес. Мысалы, осындағы мемлекеттің бір де бірі Қырым референдумын мойындамаған. Міне, соған қарамастан БРИКС-ке арқа сүйеп, оларды Ресейдің өзіне бағытталып жатқан Батыс санкцияларынан қорғауға шақыруы әбден тығырыққа тірелгенін, өзінің қиын жағдайда екенін ашық байқатты, - дейді ғалым.

Сондай-ақ Тоқтар Есіркепов: «Қанша жерден әлемге қарсы күшенгенімен Ресей экономикасы тәуелсіз емес, АҚШ-та осы осал тұсына жармасып, Мәскеудің беті әбден қайтқанша тырнағын батыра береді. Бізге де ең жаманы осы боп тұр» дейді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети