02 тамыз 2014 12:58

АҚШ Украинаға 19 миллион доллар бөлмекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет tsn.ua сайтынан алынған Сурет tsn.ua сайтынан алынған

"АҚШ 2015 жылы Украина Ұлттық гвардиясын жаттықтыру мен жабдықтауға 19 миллион доллар бөлуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагонға сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"АҚШ 2015 жылы Украина Ұлттық гвардиясын жаттықтыру мен жабдықтауға 19 миллион доллар бөлуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагонға сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік департамент біздің тереңдетілген қауіпсіздік үшін украиндық ұлттық гвардияның техникалық штабы мен төрт бөлімшесін жарақтандыру және жаттықтыру мақсатында сақтық қордан 19 миллион доллар бөлуді жоспарлап отырғанымыз туралы конгресті хабардар етті. Бұл біздің ішкі қауіпсіздікті күшейту үшін жасап отырған азғантай мүмкіндігіміз" дейді Пентагон өкілі контр-адмирал Джон Кирби.

Сонымен қоса ол АҚШ-тың қазіргі жоспарында Украинаға қару-жарақ жеткізу көзделмегенін жеткізді. "Біз Украина билігінің әскери көмек беру туралы өтінішін қарап жатырмыз" деді. Одан өзге Пентагон өкілі Ресей әскерінің Украина шекрасы маңына шоғырланып жатқанын айтты. Оның пайымдауынша, Ресей әскері қосымша қару-жарақпен жабдықталып жатқан көрінеді. Кирбидің бағалауы бойынша, Украина шекарасы маңындағы ресейлік әскерлер саны 10 мың адамға жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, киевтік билік осы жылдың сәуір айынан бастап ақпан айындағы елде болған мемлекеттік төңкеріске қарсы елдің шығысындағы аймақтарда күштік операциялар жүргізуді бастаған еді. Бұл операциядағы Украина Ұлттық гвардиясының рөлі ерекше. Украина ұлттық гвардиясы мемлекет басына жаңа билікті әкелген, елдегі бұрынғы режимге қарсы шыққан белсенділерден құрылған. Бұған дейін президент Петр Порошенко Украина билігі күн сайын әскери операцияларға 70 миллион гривен (шамамен 6 миллион доллар) шығындап жатқанын мәлімдеген болатын.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети