1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

АҚШ ұшағы сириялық Су-22 бомбалаушысын жойды

© РИА Новости © РИА Новости

Америкалық әскери ұшақ Табки қаласының оңтүстігінде Су-22 бомбалаушысын жойып жіберді. Бұл туралы АҚШ басқаратын халықаралық коалиция штабының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Жергілікті уақыт бойынша 18.43-те Сирия режимінің Су-22 ұшағы SDF (сириялық оппозиция) позициясының маңына бомба тастады. Қорғаныс ережелері бойынша оны америкалық F/A-18E Super Hornet жойғышы атып түсірді", - делінген хабарламада. 

Мәлімдемеде осы әрекеттің нәтижесінде SDF өкілдерінің жарақат алғаны, ал оппозиция жасақтарының қаладан шығуға мәжбүр болғаны айтылады. Сондай-ақ, "Ирак пен Сирияда ДАИШ террористік ұйымын жоюды мақсат тұтқан коалицияның сириялық режиммен, ресейлік әскерилермен немесе режиммен қызметтес күштермен соғысуды көздемейтіні, алайда коалиция күштерін немесе серіктестерді кез келген қатерден қорғау жолында мүдірмейтіні" айтылады.