Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әлем чемпионаты-2014-тің ең әдемі жанкүйер қызы анықталды

20 Шілде 2014, 19:33
0

2014 жылғы футболдан өткен әлем чемпионатының ең әдемі бойжеткені Колумбия құрамасының жанкүйері болып отыр, деп жазады Тengrinews.kz тілшісі. Мұндай үрдіс бойынша әдемі жанкүйер қызды анықтау "Чемпионат.Com" сайтында дауыс беру арқылы анықталған.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 2014 жылдың 12 маусымы мен 14 шілде күнде аралығында өткен болатын. Колумбияның футболдан ұлттық құрамасы топтық кезеңнен сүрінбей өтіп плей-офф бәсекесіне шыққан еді. Өкінішке қарай, олар 1\4 финалда алаң иелері бразилиялықтарға 1:2 есебімен есе жіберіп қойды. Ал финалдық кездесуде экстра-таймның екінші бөлігінде Германия құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, төртінші мәрте жеңімпаз атанды.

Германия бұған дейін әлем чемпионаттарында табысты өнер көрсетіп, үш рет 1954. 1974. 1990 жылдары чемпион болған-тын. Бұдан бөлек, немістер 4 мәрте күміс және қола жүлдегер атанған жайы бар.

Мундиалда жеңіске жеткен Германия құрамасы 35 млн. АҚШ долларына ие болса, Аргентина құрамасы 25 млн. АҚШ долларын қоржынға басты. Ал үшінші орынға талас кезінде 3:0 есебімен басым түскен голландиялықтар 22 млн. АҚШ долларын еншіледі.

Чемпионаттың ең таңқаларлық оқиғасы, жартылай финалда жолы түйіскен Германия мен Бразилия кездесу естен кетпес оқиға ретінде мәңгіге қалды. Себебі, бұл матчтың бірінші таймында немістер 29 минутқа дейін 5 гол соғып, алға шыққан еді. Екінші таймда екі гол соққа, ойын аяқталар тұста алаң иелері жалғыз голды соқты. Ал жартылай финалдың екінші кездесуінде Аргентина құрамасы Голландияны панальтимен 4.2 қылып жеңді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай