01 маусым 2018 11:48

Алып қашқан қызын өлтірген жігіттің ісі: БҰҰ мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурулай Турдалиева. © Кaktus.media Бурулай Турдалиева. © Кaktus.media

Біріккен ұлттар ұйымы Қырғызстанда ұрланған қалыңдықтың өліміне қатысты ресми үндеу жариялады. Құжат ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Кaktus.media.


Біріккен ұлттар ұйымы Қырғызстанда ұрланған қалыңдықтың өліміне қатысты ресми үндеу жариялады. Құжат ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Кaktus.media.

"Қырғызстандағы БҰҰ жүйесі өз еркінсіз тұрмыс құру мақсатында алып қашу құрбаны болған қыздың өліміне қатысты алаңдаушылық білдіреді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі қыздардың 13,8 пайызы осылай тұрмысқа шығады екен. Қырғызстандағы БҰҰ өкілдері осы әрекеттің тоқтауына барынша қолдау білдіріп келеді және Қырғызстан үкіметімен 2021 жылға дейін толтырылған келісімшарт бойынша осы мәселені басты деп есептейді", - делінген үндеудің мәтінінде. 

Ұйым өкілдері балалардың не күштеп тұрмысқа беру шаралары адам құқығын бұзатынын және қоғамдағы ауызбіршілікті бұзатынын алға тартты. Қалыңдық ұрлау, яғни ала-качуу Қырғызстанның мәдениеті мен салт-дәстүріне еш қатысы жоқ. Бұл адам құқығын бұзу, - деді БҰҰ өкіледрі. 

"Қырғыз Республикасы заңнамалық база негізінде бірашама жақсы шаралары қолданды, мысалы кәмелет жасына толмағандармен неке қиюға (діни неке) тыйым салды. Алайда осындай жағдайлар болмасы үшін, кінәлілерді жазалап, жәбірленушілерді қорғау қажет. ООН агенттігі Қырғызстанда ел билігінен осы тәжірибенің тоқтауы үшін қажетті барлық шараларды қолдануға шақырады", - делінген үндеуде. 


Бурулай Турдалиева. © Кaktus.media

Еске салайық, 2018 жылы 27 мамырда шамамен 22:00-де полицияға 19 жастағы Бурулай Турдалиеваның ұрланғаны туралы хабар түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін Сосновка ауылындағы бекетте Чу облысы милиция қызметкерлері Subaru Outback маркалы көлігін тоқтатқан. Салонда 29 жастағы жүргізуші және 30 жастағы С.А. мен 20 жастағы Т.Б. болған. 

"Осы тұлғалардың барлығын Чу облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мамандары Жайыл аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Кезекші бөлімдегі қызметкер құжаттарды толтыра бастаған. Азаматша Т.Б. (қалыңдық) осы кезде азаматтарды қабылдау бөлмесінде болған. Сәлден соң осы бөлмеге күйеу жігіт кіріп іштен құлыптап алған. Бір мезетте жанжал мен шу естіле бастаған. Милиция қызметкерлері есікті бұзып кіріп, қансыраған қызды тапқан", - деді құқық қорғау органдарының өкілі. 

МІІД мәліметінше, ер адам осыдан кейін өзіне пышақ салған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақыртылып, оларды ауруханаға жеткізген. 20 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 29 жастағы жігіт ауруханада жатыр. Екінші жолаушы 30 жастағы С.А. Жайыл аудандық ІІБ тергеу қызметіне тапсырылды. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Милиционерлерге қатысты "Салғырттық" бабы бойынша іс қозғалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети