09 шілде 2015 13:35

Америкада нағыз қансорғыштар арасында сауалнама жүргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Америка ғалымдары нағыз қансорғыштар арасында сауалнама жүргізді, олар қосалқы мәдениетке ғана жатпайды, олар қуат алу үшін расында да қан ішеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Қансорғыштар өз проблемаларымен бөлісіп, неліктен жасырын өмір салтын ұстанатындарын айтып берді.


Америка ғалымдары нағыз қансорғыштар арасында сауалнама жүргізді, олар қосалқы мәдениетке ғана жатпайды, олар қуат алу үшін расында да қан ішеді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Қансорғыштар өз проблемаларымен бөлісіп, неліктен жасырын өмір салтын ұстанатындарын айтып берді.

Қансорғыштарды 10 жылдан бері зерттеп келе жатқан, еңбектің авторы Д.Дж.Уильямстың айтуынша, ол адамдар қоғамның әр тобына жатады - араларында заңгерлер, дәрігерлер мен қолөнершілер бар. Олар өз ерекшеліктері туралы дәрігерлерге айта бермейді, себебі психологиялық ауруға шалдыққан деп есептейді деген қауіп бар. Сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, олардың барлығы әрдайым шаршаңқы күйде жүрде және сол шаршаңдық донор іздеуге мәжбүрлейді, олар қанымен бөлісуге дайын адамдарды іздейді. Көп жағдайда ересек адамдар келісімдерін беретін көрінеді, олар қанды сүзіп алу үшін тілік жасап, қансорғыштар оны ішеді.

Сауалнамаға қатысқандардың орташа жасы - 37. Олардың көпшілігі - әйелдер, сонымен бірге транссексуалдар бар. Олардың барлығына дерлігі пұтқа табынушылықты ұстанады. "Зерттеудің басты мақсаты - шын мәнінде қансорғыштар санының қоғамдағы есептен көп екенін көрсету. Көпшілік қансорғыш дегеніміз жасанды тістер таққан немесе "Сумеркидің" әуесқойлары деп ойлайды және соған сенімді. Алайда қансорғыштардың нағыз қауымдастығы ол стереотипке жатпайды. Сонымен қатар, ол қауымдастық адал әрі этикалық мінсіз өмір салтын ұстануға тырысады", - дейді Уильямс.

Ғалымның сөзіне қарағанда, қансорғыштар өздерінің осындай болып туғандарына сенімді, олар мұндай күйге жүре-келе түстік деп есептемейді. Уильямстың есебі бойынша, әлемде адам қанын ішетіндердің саны бірнеше мыңға жетеді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети