02 наурыз 2017 22:19

Америкалық 18 жастағы жігіт полицейлердің көзінше ұрлап әкетілген көлікпен қауіпті трюк жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық 18 жастағы жігіт полицейлердің көзінше ұрлап әкетілген көлікпен қауіпті трюк жасады, - деп хабарлайды KSLA News.


Америкалық 18 жастағы жігіт полицейлердің көзінше ұрлап әкетілген көлікпен қауіпті трюк жасады, - деп хабарлайды KSLA News.

Оқиға 1 наурызда Луизина штатында болған. 18 жастағы Кевонт Остин досымен бірге Toyota Tacoma көлігін ұрлап әкеткен. Содан полицейлер жылдамдықты асырған жүргізушілерді тоқтатқан. Остинның досы тәртіп сақшыларымен сөйлесіп жатқанда, екінші жігіт көлікке мініп, оқиға орнынан жасырынған.

Полицейлердің айтуынша, Остин сағатына 185 шақырым жылдамдықпен жүрген. Осылайша ол бірнеше адамның өміріне қауіп төндірген. Көліктің жылдамдықты асырғаны соншалық - ол қақпадан ұшып өтіп, мейрамхана алдында тұрған Toyota Corolla көлігінің үстіне түскен.

Айта кетейік, көлік ішінде тағы бір әйел болған. Ол жеңіл жарақаттар алған. Сондай-ақ, 18 жастағы жүргізуші жол-жөнекей тағы бір көлікті ұрлап әкетіп, бір әйелді тонамақшы болған. Бірақ полицейлер оны ұстай алды. Енді америкалық жігіт қатаң жазалануы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети