30 желтоқсан 2016 10:41

Америкалық ауыратлет 143 келі зілтемір көтеріп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Американың Анкени (штат Айова) қаласындағы жаттықтыру залында жазатайым оқиға болды. 22 жастағы жергілікті тұрғын Кайл Томсон 143 келі зілтемірді көтеріп қайтыс болды, - деп хабарлайды WHO-TV.


Американың Анкени (штат Айова) қаласындағы жаттықтыру залында жазатайым оқиға болды. 22 жастағы жергілікті тұрғын Кайл Томсон 143 келі зілтемірді көтеріп қайтыс болды, - деп хабарлайды WHO-TV.

Жас спортшы зілтемірмен жаттығу жасап жатқан сәтте, зілтемір қолынан шығып кетіп, мойнына түскен. Зардап шеккен жігіт бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ дүйсенбіде ол қайтыс болған.

Ауыр атлетикадан нұсқаушы Грег Шунның айтуынша, зілтемір жігіттің қолынан түсіп кеткен кезде залда бірнеше адам болған. Алайда олар бұл қайғылы оқиғаның алдын ала алмаған.

Сондай-ақ, 22 жастағы жергілікті Кайл Томсонның Айова штатындағы университетте оқығаны айтылады. "Ол жақсы жігіт болатын, мықты спортшы, үздік студент болатын. Оны мектепте және айналадағылардың барлығы cыйлайтын", - деді Грег Шун. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети