16 қазан 2015 16:39

Америкалық кәсіпкерге Әблязов пен Храпуновқа ақша бопсалауға көмектесті деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джо Четрит. © jewishbusinessnews.com Джо Четрит. © jewishbusinessnews.com

БТА бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа ақша бопсалауға көмектескен делінген америкалық кәсіпкердің үстінен сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды The Real Deal


БТА бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновқа ақша бопсалауға көмектескен делінген америкалық кәсіпкердің үстінен сотқа арыз түсті, - деп хабарлайды The Real Deal

The Chetrit Group компаниясының иелесі Джо Четрит қазақстандықтарға 40 миллион теңге көлемінде бопсалауға Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлікті сатып алу жолымен көмектескен делінеді. Оған қарсы арыз 12 қазанда Манхэттен сотына келіп түскен. Басылымның мәліметіне қарағанда, арызды Алматы қаласы мен БТА банк берген. Четрит арқылы Храпунов пен Әблязовтің Нью-Йоркте Flatotel қонақүйі мен Cabrini медициналық орталығын сатып алғаны айтылады. 

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. 

Қазақстанда Мұхтар Әблязовқа БТА банктен 6 миллиард доллардың ұрлануына және тағы басқа қаржылық алаяқтыққа қатысы бар деп айып тағылған. 2013 жылдың 31 шілдесінде ол Францияда қолға түскен. Таяуда Франция оны Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети