07 шілде 2019 11:31

Америкалық миллиардер адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wlrn.org/ © wlrn.org/

Америкалық қаржыгер әрі миллиардер Джеффри Эпштейн кәмелетке толмаған балаларды сатқаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы The Daily Beast басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. 


Америкалық қаржыгер әрі миллиардер Джеффри Эпштейн кәмелетке толмаған балаларды сатқаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы The Daily Beast басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. 

Эпштейн 6 шілдеде Нью-Йоркте ұсталған. Дүйсенбіде миллиардер кәмелетке толмаған балаларды сексуалды сауда-саттықпен айналысты деген айып бойынша, сот алдында жауап береді. Болжаммен миллиардер бұл іспен 2002-2005 жылдары аралығында айналысқан. 

2008 жылы Эпштейн  кәмелетке толмаған балаларды азғындағаны үшін сотталған. Ол қыздар интим қызмет үшін ақша төлеп, басқа біреулерге сатуы мүмкін екені айтылады. Миллиардер өз кінәсін мойындады, алайда оның адвокаттары барын салып, небәрі 13 айға сотталған. 

2016 жылы америкалық Джейн Доу есімді қыз 13 жаста болған кезінде қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамтың өзін зорлағанын айтып, сотқа шағымданған. Әйелдің айтуынша, осы қылмысқа сыбайлас ретінде қыз бала Джеффри Эпштейнді атаған. Алайда ол кейінірек өз арызын қайтып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети