Америкалық телеарна Обаманы зорлықшымен шатастырды

16 Ақпан 2015, 10:30
0
Америкалық телеарна Обаманы зорлықшымен шатастырды - Видеодан скриншот. Америкалық телеарна Обаманы зорлықшымен шатастырды.
Видеодан скриншот. Америкалық телеарна Обаманы зорлықшымен шатастырды.

Сан-Диегодан хабар тарататын америкалық Fox 5 телеарнасы ер адамды зорлаған күдікті туралы жаңалыққа АҚШ президенті Барак Обаманың суретін қателесіп қолданды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жұма, 13 ақпан күні америкалық телеарнаның эфиріндегі кешкі жаңалықтарда "Сан-Диего мемлекеттік университетінде болған жыныстық зорлауға күдікті жалғыз адамға айып тағылмайтын болды" деген мәтін оқылып жатқан кезде Обаманың "Айып жоқ" деген жазбасы бар суреті бес секундтай уақыт көрсетілді.

Жаңалықтар аяқталғанша кешірім сұралған жоқ. "Олар мұндай ұсақ-түйекке бола олай істемейді (кешірім сұрамайды - Автор.). Иә, ондай болды. Бірақ ол әдейі істелген жоқ", - деді телеарна редакторы Майк Уилль. Айтуынша, студияға ешкім шағымданып қоңырау шалмаған.

Еске сала кетейік, бұған ұқсас оқиға 2014 жылы қарашада болған еді. Американың CNN телеарнасы тікелей эфирде ел президенті Барак Обаманы лаңкес Усама бен Ладенмен шатастырып алды. Жаңалықтарға "теңіз жаяу әскері Обаманы өлтірді" деген титр қолданылды. Үлкен әріптермен жазылған жолақ жаңалықтар сюжеті кезінде шығарылды. Бұл қатені қарапайым көрермендер, әлеуметтік желіні қолданушылар мен журналистер байқады. "Обаманың өлімі" туралы жазба экранда бір минут шамасында тұрда, содан кейін CNN қызметкерлері "Обаманы" "бен Ладенге" ауыстырды. Бұған дейін ұқсас оқиға 2008 жылы Detroit News басылымында болған еді, ол кезде Обама лаңкеспен шатастырылды. Басылымның бас редакторы ол кездегі Демократиялық партия атынан қатысқан президенттікке үміткер Обамадан кешірім сұрады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай