09 наурыз 2017 10:32

Америкалықтар Трамптың Twitter желісіндегі белсенділігін құптамай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© grushevskogo5.com © grushevskogo5.com

АҚШ тұрғындарының басым бөлігі Дональд Трамптың Twitter желісіндегі белсенділігін құптамай отыр, - деп хабарлайды Life. Fox News арнасы жүргізген сауалнама қорытындысы осындай болды.


АҚШ тұрғындарының басым бөлігі Дональд Трамптың Twitter желісіндегі белсенділігін құптамай отыр, - деп хабарлайды Life. Fox News арнасы жүргізген сауалнама қорытындысы осындай болды.

Америкалықтардың 50 пайызы президент бұл желіден бас тарту керек деген пікірде. 28 пайыз адам ғана Twitter желісі президент қарым-қатынас жасай алуға лайықты деп ойлайды.

Айта кетейік, сарапшылар Трамптың АҚШ президенттігіне сайлаудағы жеңіске әлеуметтік желілер және жалпы Интернет арқылы қол жеткізді деп мәлімдеген болатын. Сонымен бірге, Трамптың Twitter желісіндегі жазбаларын атаққұмарлық, дәлелсіз, ал кейбірі тіптен намысқа тиетіндей деп сынға алғандар да болды.

Ақ үйдегі брифинг кезінде журналистердің бірі президентің баспасөз қызметінің жетекшісі Шон Спайсерден Трамп кейін дәлелдей алмайтын айыптауларын қашан тоқтататынын сұраған болатын. Спайсер бұл сұраққа жауап бере алмады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети