Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Анкарадағы жарылысты кімдердің ұйымдастырғаны белгілі болды

14 Наурыз 2016, 14:48
0
© REUTERS
© REUTERS

Анкарадағы жарылысты екі лаңкес ұйымдастырған, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Hurriyet газетіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жарылысты әйел мен ер адам ұйымдастырған. Әйел адамның аты-жөні анықталды. Сонымен қатар, оның Түркияның батысындағы Балыкесір қаласының университетінде оқығаны және 2013 жылы лаңкестік ұйымға кіргені белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс зат орнатылып, Анкарада жарылған BMW автомобилі Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласында айдап әкетілген. Анкараға көлік 26 ақпанда келген. 


© AFP

Ал соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 37 адам қаза болға, ауруханада тағы 71 адам жатыр. ҚР СІМ өкілдері қазіргі уақытта қазақстандықтардың терактіден зардап шеккен-шекпегені жайлы мәлімет келіп түспегенін мәлімдеді. 


© REUTERS

Айта кетейік, жарылыс кеше, 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердегі автобус аялдамасында болған. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай