15 наурыз 2016 09:35

Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com/rebel6421 © Twitter.com/rebel6421

Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, 13 наурызда Түркия астанасында жойқын жарылыс болып, 37 адам қаза тапты.


Анкарадағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 11 адам ұсталды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости. Айта кетейік, 13 наурызда Түркия астанасында жойқын жарылыс болып, 37 адам қаза тапты.

Түркияның премьер-министрі теракт болған жерден табылған денелердің бірі лаңкеске, екіншісі оның сыбайласына тиесілі болуы мүмкін екенін айтты. "Терактіні тергеу барысында 11 адам ұсталды. Қаза болған 35 адамның денесі туыстарына берілді. Тергеу жалғасып жатыр. Қалған екі денеге ДНҚ зерттеу жүргізіп жатырмыз", - деді Давутоглу. Оның айтуынша, ел билігі терактіге Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясының қатысы бар деп есептейді. "Бұл лаңкестік әрекетке сепаратистік террорлық ұйымның қатысы бар екенін дәлелдейтін айғағымыз бар. Жақын арада ДНҚ сараптамасы аяқталады, осыдан кейін лаңкестердің кім екені, олардың артында кімдердің тұрғаны толық анықталады", - деді Давутоглу.

Еске салайық, жарылыс 13 наурызда кешкі уақытта Түркия премьер-министрінің Гүвен саябағының маңында орналасқан кеңселерінің біріне таяу жердегі автобус аялдамасында болған еді. Екі автобустың ортасында тұрған автомобиль жарылып кеткен. Жарылыс сәті видеотіркеу құрылғыларының біріне жазылып қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети