19 наурыз 2016 11:28

Апатқа ұшыраған "Боинг" ұшағының бортында Украина, Үндістан және Өзбекстан азаматтары болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ростов-на-Донуда апатқа ұшыраған "Боинг" ұшағында болжам бойынша, Өзбекстанның бір азаматы, Үндістанның бір азаматы және Украинаның үш азаматы болған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ресейдің Дубайдағы бас консулы Гоча Буачидзе мәлімдеді. 

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ бортта қазақстандық азаматтардың бар-жоғын анықтап жатыр. 

Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Ростов-на-Дону әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети