04 қаңтар 2017 15:19

Арабтарға экзотикалық жануарларды үйде асырауға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dubai.in.ua © dubai.in.ua

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жануарларды ұстау ережелерін айтарлықтай қатаңдатып, азаматтарға үйде жабайы аңдарды асырауға тыйым салды, - деп хабарлайды Lenta.ru Zawya баслымына сілтеме жасап. 


Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жануарларды ұстау ережелерін айтарлықтай қатаңдатып, азаматтарға үйде жабайы аңдарды асырауға тыйым салды, - деп хабарлайды Lenta.ru Zawya баслымына сілтеме жасап. 

Енді қабылан, геопард және басқа да экзотикалық аңдарды зообақтар мен ғылыми орталықтарда ғана асырауға рұқсат етіледі. Ал егер қарапайым азаматта осындай аң болса, ол адам үш мыңнан 136 мың долларға дейін айыппұл төлейді. Аңды өзге адамға айтақтаған адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады, ал жануардың шабуылынан адам көз жұмса, иесі өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаңа заң бойынша әдеттегі үй жануарларын асырау ережелерін де қамтып отыр. Мысалы, әрбір итке арнайы рұқсат алынуы тиіс. Оның үстіне қоғамдық орында итпен серуендейтін адам оны қарғыбауымен ұстап жүруге міндетті. 

"Мұсылман адамға ит асырауға дінде тыйым салынбаған. Дегенмен көптеген діндарлар бұл жануарды лас деп санағандықтан, ит асырау мұсылман әлемінде кең етек алмаған", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети