13 қараша 2014 23:41

Армения Президенті тікұшақпен Таулы Қарабаққа ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серж Саргсян. Фото Армения президентінің ресми сайтынан алынды Серж Саргсян. Фото Армения президентінің ресми сайтынан алынды

Армения Президенті Серж Саргсян тәуелсіздігі әлі мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасына (ТҚР) тікұшақпен ұшып келді, - деп хабарлайды РИА Новости Армения мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Армения Президенті Серж Саргсян тәуелсіздігі әлі мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасына (ТҚР) тікұшақпен ұшып келді, - деп хабарлайды РИА Новости Армения мемлекеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Армения Президетінің бұл сапардағы мақсаты - ТҚР басшысы Бако Саакянмен, Армения және ТҚР Қорғаныс министрлері Сейран Онанян мен Мовсес Акопянмен бірге "Бірлік 2014" жедел-тактикалық оқу-жаттығуларларына қатысу. Айта кетейік, оны ұйымдастырып отырған – Армения мен ТҚР. Басшылар екі елдің қорғаныс саласының әскери дайындығымен таныспақ.

Армения басшысының бұл сапары Таулы Қарабақтағы оқиғаға байланысты. 12 қарашада Әзірбайжан Қорғаныс министрі Арменияға тиесілі Ми-12 тікұшағын атып түсіргендерін мәлімдеген еді. Олардың ойынша тікұшақ "Әзірбайжан жерін атқыламақ болған-мыс". Ал ТҚР "ТҚР тікұшағы құлады. Ол ұшу-жаттығу жасап жүрген. Салдарынан үш адам қаза болды", - деп хабарлады.  

Армения СІМ болса, "оққа ұшқан тікұшақ үшін Әзірбайжан жауапты" дейді. Өз кезегінде, Әзірбайжан СІМ Таулы Қарабақ әуе кеңістігінің жабылатындығын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети