28 ақпан 2019 10:04

Арменияда сирек кездесетін қабыланды видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/wwfarmenia © facebook/wwfarmenia

Арменияда тұңғыш рет сирек кездесетін мысықтұқымдас жануар - азиялық қабылан видеоға түсірілді. Жыртқыш елдің оңтүстік шығыс өңірінде Вайоцдзорский облысындағы күзетілетін аймақта түсірілген, - деп хабарлайды Panorama.am.

Онда қабылан тастардың үстінде жатып, аумақты тексеріп жүрген инспекторлардың әрекетін бақылаған. 

"Арменияда тұңғыш рет адам қабыланды видеоға түсірді. Бұрындары біз оны тек фотоқақпан арқылы суретке түсіруші едік. Табиғатты сақтайық, оның бізді таңғалдыратындай дүниелері әлі де көп", - делінген видеоның сипаттамасында.

Таяуда азиялық қабыланды Әзербайжанның Талыш тауларында (Қазақстанның Маңғыстау облысы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорықпен шектескен) түсіру мүмкін болған. 

Алдыңғыазиялық қабылан - жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне енгізілген. Әлем бойынша шамамен небәрі 870-1300 қалған. Иранда шамамен 550-850, Ауғанстанда 200-300, Түркіменстан - 90-100, Әзірбайжан 10-13, Арменияда 10-13, Грузияда 5-тен кем, Түркияда бесеу өмір сүреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети