27 шілде 2019 16:45

"Арсенал" футболшысының үйінен белгісіз адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арсенал" жартылай қорғаушысы Мохамед Эль-Неннидің Мысырда салынып жатқан үйінен белгісіз ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды 24.ae.


"Арсенал" жартылай қорғаушысы Мохамед Эль-Неннидің Мысырда салынып жатқан үйінен белгісіз ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды 24.ae.

26 шілдеде полицияға футболшының әкесі арыз берген. Құрылыс жүріп жатқан аймақта белгісіз адамның мәйіті табылған, алайда оның кім екені әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

26 шілдеде "Арсенал" футболшылары Месут Өзилмен Сеяда Колашинацқа Лондонда шабуыл жасалғаны хабарланды. Қаруланған ұрылар спортшылар отырған көлікті мініп кетпекші болған, алайда Колашинац оларға тойтарыс беріп, қуып жіберген. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Эль-Ненни 2016 жылдан бері "Арсенал" сапында өнер көрсетіп келеді. Бұрындары ол "Базель" клубының намысын қорғады. Сондай-ақ, ол Мысыр құрамасы үшін 59 ойын өткізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети