17 наурыз 2015 19:58

Асқар Ақаев қырғыз халқына Америкадан сақ болуды ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Ақаев. ©РИА Новости Асқар Ақаев. ©РИА Новости

"Қызғалдақ" төңкерісі салдарынан биліктен кеткен Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев елде 2005 жылы болған мемлекеттік төңкерісті АҚШ-тың Орталық Азия өңіріндегі алғашқы жобасы деп атап, қырғыз халқын сыртқы қауіптерден сақтануға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости


"Қызғалдақ" төңкерісі салдарынан биліктен кеткен Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев елде 2005 жылы болған мемлекеттік төңкерісті АҚШ-тың Орталық Азия өңіріндегі алғашқы жобасы деп атап, қырғыз халқын сыртқы қауіптерден сақтануға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости

Ақаев Қырғызстаннан 2005 жылдың наурызында кеткен болатын. Ал 2010 жылдың сәуірінде Ақаевтан кейін билікке келген Құрманбек Бәкиев тақтан аластатылды. Бұған қоса, елде жаппай ұлтаралық қақтығыс болып, оның салдарынан жүздеген мың адам қайтыс болды, жарты миллионға жуық адам елден безіп кетті. 2005 жылдың наурызындағы оқиғаларға қатысты көзқарасын білдірген Асқар Ақаев мемлекеттік төңкерісті Вашингтон ұйымдастырғанын айтып, "ештеңені өзгерту мүмкін болмаған еді" деп пікір білдірді. "АҚШ-тың Украинада жасаған әрекетіне біреу кедергі бола алар ма еді? Төңкеріс арқылы гүлденген бауырлас Украинаны жойып жіберді. АҚШ-қа кім не істей алатын еді? Ешкім! Кішкентай ғана Қырғызстанға да ешкім көмектесе алмады. Америка мұндай жобаны қолға алған кезде ешкім ештеңе істей алмайды", - деді Ақаев. 

Ол АҚШ-тың мұндай жобаларды шындап қолға алғанын айтты. "Бұл Орталық Азиядағы алғашқы жоба еді, олар ешкімді өздеріне қарсы келтірмеді. Қол ұшын бергісі келсе де маған ешкім көмектесе алмады. Сақ болыңыздар! Қырғызстандағы үшінші төңкеріс Украинадағыдай болуы мүмкін", - деді экс-президент. Ол республиканың Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін өте дұрыс қадам деп бағалады. Ақаевтың мәлімдеуінше, ЕАЭО шеңберіндегі ықпалдастыққа қатыса отырып, Қырғызстан қорғаныс, қауіпсіздік және даму жөнінен Ресейге үміт артады. "Себебі қырғыздарға даму мақсатында кіретін басқа одақ жоқ. Сондықтан бұл сөзсіз дұрыс қадам деп есептеймін", - деді Ақаев. Бұған қоса, ол Қырғызстанға проамерикалық бағыттың жарамайтынын айтты. "Америкалықтар қырғыздар үшін Марс тұрғындарымен бірдей. Алыста жарқырап тұрғанымен ешқандай жылу бермейтін жұлдыз сияқты. Ол кез келген сәтте зиянын тигізуі мүмкін", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети