16 ақпан 2017 21:25

Астана келісімін бұзғандар террористік нысан болады - Сирия өкілі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирия делегациясының мүшесі Астанадағы Сириядағы жағдай реттеуге арналған "Астана-1" және "Астана-2" келісімдерін бұзғандар терроризм нысаны болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сирия делегациясының мүшесі Астанадағы Сириядағы жағдай реттеуге арналған "Астана-1" және "Астана-2" келісімдерін бұзғандар терроризм нысаны болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мұнда Астанаға Сириядағы соғысты тоқтату мәселелерін шешу үшін келдік. Ондағы атысты тоқтатуға қатысты келіссөздерге де қол қойдық. Енді осы келіссөздерге қол қоюдан бас тартқандарды бөлек шығаруды ұсынамын. Яғни, саяси шешімге және террористерге сенетіндер деп бөлуді ұсынамын", - деді Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари.

Оның айтуынша, алда өтетін Женева конференциясы "Астана-1" және "Астана-2" келісімдерінің қорытындыларына назар аударуы тиіс. Бұл келісімдер алдағы кездесулерге негіз болуы керек. "Біз әр кездесуді қайтадан басынан бастап, осыған дейінгі кездесулерде жүзеге асырған қадамдарымызды ұмытпауымыз керек", -деді ол.

Сонымен қатар, Башар Джафари Сирияның елдегі соғысты тоқтату үшін барлық шараны қолдануға міндеттелгенін айтты.

"Осы шарттарды бұзған әрбір адам терроризм нысаны болады. Ондай жағдайда терроризм нысандарымен Сирия және араб әскерлері күресетін болады. Сирия елді ДАИШ және Фронт әл-Носра сияқты террористік топтардан аман алып қалу үшін, сондай-ақ, елдегі соғысты тоқтату үшін барлық күшін салады", - деді Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари Астанада өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.

Еске салайық, Астанада 15-16 ақпанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша тағы да отырыстар өтті. Бұл жолы Ресей тарапы Астанадағы кездесуге АҚШ өкілдерін шақырды.

Мұның алдында келіссөздерге қатысатындығын Ресей, Иран, Туркия, Иордания және Сирия Араб Республикасының үкімет растаған болатын. Сонымен бірге, кепіл мемлекеттердің ұсынысын қабылдаса, сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің келетіні хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети