01 ақпан 2017 14:53

Атақты спортшы Расул Мирзаевқа шабуыл жасауға кімнің тапсырыс бергені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Расул Мирзаев Расул Мирзаев

Ресейлік атақты спортшы Расул Мирзаевқа шабуыл жасауды мұның алдында айырылысқан сүйіктісі тапсырыс берген болып шықты, - деп хабарлайды L!FE


Ресейлік атақты спортшы Расул Мирзаевқа шабуыл жасауды мұның алдында айырылысқан сүйіктісі тапсырыс берген болып шықты, - деп хабарлайды L!FE

Мәскеулік тергеушілер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтапты. Алайда олар әлі де ұсталмаған. Олар қыздың ағалары болып шыққан. Шабуыл жасалған күні қаскөйлерге есікті ашып берген қыз тапсырыс берушінің құрбысы екен. Ол да анықталған.

Сонымен қатар, басылым оқиғаның мән-жайын жариялады. Сөйтсек, ұрып-соғу кезінде Расул Мирзаевтың басына қаскөйлердің бірі "Сайга" карабинін кезеп, қарындасынан кешірім сұрауын талап етіпті. Алайда спортшы қарсылық көрсеткен соң, шабуылдағандар қашып кеткен. Төбелес кезінде травмат қаруынан Расулға оқ атылған. Салдарынан спортшы ауыр жарақат алған.

Ал осыған дейін шабуыл жасағандардың суреті жарияланған болатын. Күдіктінің суретін көрген спортшы оның шабуыл жасағанын нақтылап берген. 


Күдікті Камиль Аллахвердиев

Еске салайық, Расул Мирзаевқа шабуыл 31 желтоқсанда Мәскеудегі Восточный көшесінде жасалған. Тұрғын үйдің маңында белгісіздер Мирзаевтың бетіне пневмат тапаншасынан оқ атып, таяқпен ұрып-соққан. Ол ауруханаға жеткізілген. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети