14 тамыз 2019 17:58

Атамбаев ісі: Экс-президентке жаңа айып тағылды

Фото: president.gov.kg Фото: president.gov.kg

Қырғызстанның экс-басшысы Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырғызстанның экс-басшысы Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Атамбаевқа тағы екі қылмыстық іс бойынша: жылу электр станциясының модернизациясы және оның офисіне байланысты айып тағылып отыр.

"Әскери прокуратура екі күдікті іс туралы ескерту қағазын ұсынды. Олар: жылу электр станциясының модернизациясы және Форум ғимаратына байланысты айып тағылып отыр", - деп мәлімдеді Атамбаевтың құқық қорғаушысы Сергей Слесарев.

Құқық қорғаушының сөзінше, Атамбаев ескерту қағазына қол қоймаған. 

Әскери прокуратураның айыптаулары экс-президентті тіспеушілік құқығынан айыру туралы мәселені парламентте қарау кезінде айтылған депутаттық комиссияның қорытындыларына негізделе отырып анықталды. 

Бішкектің көпқабатты үйлерін, балалар бақшасын, мектептер мен ауруханаларды жылумен және электрэнергиясымен жалғыз жылу электр станциясындағы апат 2018 жылы қаңтар айындағы қатты аяз кезінде болған. Апаттан кейін Қырғызстанда құны 386 миллион доллар болған жылу электр станциясының модернизациясы жөнінде дау туған. 

Жылу электр станциясына келісім жасасу барысында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар, оның ішінде экс-премьер Сапар Исаков және Жанторо Сатыбалдиев қамауға алынған. 

Форум - Атамбаевтың штабы орналасқан көпқабатты екі ғимарат. олар сот шешімімен ғимаратқа сүргі соғылған. Сонымен қатар, экс-президенттің бұдан бөлек 120 нысаны да жабылған.

Сейсенбі күні Бас прокуратура өкілі Атамбаевқа аса ауыр қылмыс әрекеттеріне, оның ішінде жаппай тәртіпсіздік орнату, адам өлімі, барымтаға алу және мемлекеттік шенеунікке қарсы күш қолданғаны үшін ескерту жариялаған. Арнайы өкілдердің хабарлауынша, Атамбаев мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети