15 тамыз 2019 14:44

Атамбаев ісі: Экс-президентке жер мәселесі бойынша айып тағылды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тағы бір қылмыстық іс бойынша күдіктенуде. Экс-басышыға Қой Ташта заңсыз жер телімін алды айып тағылды, - деп хабарлайды 24.kg.


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тағы бір қылмыстық іс бойынша күдіктенуде. Экс-басышыға Қой Ташта заңсыз жер телімін алды айып тағылды, - деп хабарлайды 24.kg.

Құқық қорғаушы Сергей Слесаревтың айтуынша, қылмыстық іс бойынша ескерту қағазын әскери прокуратура жіберген. Бұрынғы басшыға 2015 жылы 12 мамырда Бішкектің бұрынғы әкімі Албек Ибраимовтың жұбайы Айнұр Ибраимовадан жер телімін сатып алды деп күдік келген. 

"Мен Қой-Таштағы жер тіліміне байланысты екі хабарлама алдым. Айып 319 "Жемқорлық" бабы бойынша тағылып отыр. Қашаннан бері азаматтық-құқықтық мәмленің жемқорлық болып саналатынын түсінбей тұрмын", - деп мәлімдеді Сергей Слесарев.

Сондай-ақ, құқық қорғаушының айтуынша, бұған дейін Бас прокуратура Қой-Таш учаскесіне қатысты бірнеше әкімшілік және азаматтық іс қозғаған. Атамбаевтың құқық қорғаушысы бұл экс-президентке тағылатын айыптың соңы емес екенін мәлімдеді. Заңгер Бішкек жылу электр станциясындағы заңсыз көмір сатып алуға байланысты тағы бір ескерту қағазын күтіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Атамбаевқа тағы екі қылмыстық іс бойынша: жылу электр станциясының модернизациясы және оның офисіне байланысты айып тағылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети