24 желтоқсан 2015 12:10

Атамбаев Түркия мен Ресей арасындағы шиеленіске қай елдің кінәлі екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев. © knews.kg Алмазбек Атамбаев. © knews.kg

Ресей ұшағын құлатып түсіру туралы қабылданған шешім қате. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 желтоқсан күні Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресей ұшағын құлатып түсіру туралы қабылданған шешім қате. Бұл туралы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 желтоқсан күні Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қырғызстан басшысы бұл мәселеге қатысты өз позициясын тұңғыш рет жеткізді, ол Түркияның ел экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі екенін де ескере кетті. "Бұл үлкен қателік, тіпті одан да зор - бұл жағдай екі елдің де халқы үшін қайғы әкелді. Жағдай өршіп барады, біз ресейлік және түркиялық телеарналардың долданып жатқанын көріп отырмыз. Мен РФ Мемлекеттік Думасы төрағасы орынбасарының Ыстамбұлдың маңына атом бомбасын тастау керек деп айтқанын естідім. Біз түрік тарапы жалған тәкаппарлықты қойып, қосымша қадам жасайды деп үміттенеміз. Ал Ресей бар күшін жинап, Түркияны кешіреді", - деді Атамбаев.

Алмазбек Атамбаевтың хабарлауынша, ол бұл мәселені таяуда Мәскеуге барған бейресми сапарында Владимир Путинмен талқылаған. Қырғызстан президенті екі ел бірін-бірі кешіреді деп үміттеніп отыр.

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети