06 қыркүйек 2019 17:36

Атамбаевты ұстау кезінде қаза болған арнайы жасақ қызметкерінің анасына медаль табысталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©president.kg ©president.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевты басып алу операциясы кезінде қаза тапқан арнайы жасақ қызметкері Усенбек Ниязбековтің анасы, жұбайы және ағасымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саясаткер жігітің туған-туыстарына көңіл айтып, Ниязбековтың өлімі оның отбасы мен жақындары үшін ғана емес, мемлекет үшін де зор қайғы болғанын атап өтті. Президент арнайы жасақ сарбазының туған-туыстарына "Эрдик"(батылдық) медалін табыс етті.

Қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерінің анасы елде бейбітшілік пен тыныштық болуын және аналардың көз жасы төгілмесін деп тілек айтты. 

ҚР Президенті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Усенбек Ниязбеков өмірін елдегі тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқық тәртібін қамтамасыз етуге арнаған, террористік құрылымдарды жою бойынша бірқатар арнайы операцияларға қатысқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети